Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТОҚАЕВ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

c 14:52, 13/10 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Мемлекет басшысы Конституцияның 88-бабының 5-тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен консультациялар өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» жарлыққа қол қойған. Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оған дайындық жүргізу және өткізуді ұйымдастыру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Бұған дейін Мемлекет басшысы Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультациялар өткізген болатын. Кездесу қорытындысы бойынша Президент түпкілікті шешімді Конституцияның негізгі ережелеріне толық сәйкес және айтылған пікірлерді ескере отырып қабылдайтынын мәлімдеген еді. 24 қыркүйекте Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттарға кезектен тыс сайлау өтетінін жариялаған болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл қадам мәслихаттардың білікті әрі кәсіби құрамын қалыптастыруға жол ашып, олардың жұмысына жаңа серпін береді. Сондай-ақ Президент алдағы сайлауды жоғары деңгейде әрі сапалы өткізуге үлес қосуға шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлаудың нақты күнін айқындауы қажет екенін атап өтті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.