Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АТЫРАУДА МЫҢДАҒАН ТҰРҒЫНҒА ЖЕР САЛЫҒЫ ҚАТЕ ЕСЕПТЕЛГЕН

c 15:12, 08/10 c 1

0:00 / 0:00

Атырауда прокуратураның араласуынан кейін мыңдаған тұрғынның жер салығы қайта есептелді. Бұған салық коэффициенттерін қолдану кезінде жіберілген қателіктер себеп болған. Қадағалау органының мәліметінше, есептеу барысында Алмалы ауылдық округіне қарасты жекелеген аумақтар дұрыс ескерілмеген. Олардың қатарында Береке ауылы мен бірнеше бау-бақша серіктестігі бар. Мәселе осы аумақтағы жер телімдерінің иелеріне қатысты болған. Коэффициенттердің дұрыс қолданылмауы салдарынан жер салығы да қате есептелген. Прокуратураның араласуынан кейін салық коэффициенттері мен төлем сомалары заң талаптарына сәйкестендірілді. Нәтижесінде, прокуратура мәліметінше, шамамен 6 мың 500 жер пайдаланушының құқығы қалпына келтірілді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, жер қатынастары саласында азаматтардың құқықтарының сақталуына бақылау жалғасады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.