Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ІРІ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНДЕРІ ЖАҢА ТАЛАППЕН САЛЫНАДЫ

c 15:02, 08/10 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда тұрғын үй кешендерін салу талаптарына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, жаңа нормалар көпқабатты тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігіне қатысты. Өзгерістерді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті қолданыстағы құрылыс нормаларына енгізді. Жаңа қала құрылысы стандарттары құтқару техникасының көпқабатты үйлерге кедергісіз жақындауын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл талап әсіресе ауласы көліктерге толы ірі тұрғын үй кешендері үшін өзекті. Мұндай жағдайда өрт сөндіру көліктері мен жедел жәрдем көліктерінің маневр жасауына қиындық туындайды. Ал төтенше жағдай кезінде жоғалған бірнеше минуттың өзі адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Жаңа талаптар еліміз бойынша салынып жатқан және жобаланып жатқан барлық тұрғын үй кешендеріне қолданылады. Егер тұрғын үй кешенінде 200-ден астам пәтер болса, құрылыс салушы өрт сөндіру техникасы үшін бір-бірінен тәуелсіз, оқшауланған кемінде екі кіреберіс жолды қамтамасыз етуге міндетті. Бұл арнайы техниканың аумаққа әртүрлі бағыттан кіруіне мүмкіндік береді. Ал 400-ден астам пәтерге есептелген тұрғын үй кешендері үшін екі бос әрі бір-бірінен тәуелсіз кіреберіс жолдың болуы міндетті талапқа айналды. Бұл талаптан балама инженерлік шешімдер арқылы босату мүмкіндігі қарастырылмаған. Сонымен қатар ғимараттар заманауи қауіпсіздік жүйелерінің кешенімен жабдықталуы тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.