Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОҚУШЫНЫ ҰРҒАН МҰҒАЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ АМАЛДАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

c 13:05, 08/10 c 1

0:00 / 0:00

Жамбыл облысында мұғалімнің балаға күш көрсеткені түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні ұстады. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға Қордай ауданында болған. Педагогтың айтуынша, жағдай шамамен бір жыл бұрын болған. Ол сол кезде эмоциясын тежей алмай қалғанын айтып, баланың анасына кешірім сұраған. Кейін мұғалім оқушының отбасынан көпшілік алдында тағы да кешірім сұраған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, педагог кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамады деген күдікке ілінген. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Кәмелетке толмаған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.