0:00 / 0:00
Қаланың көркіне көрік қосып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыратын қоғамдық кеңістіктер қатары тағы артты. Қала күніне орай жеке кәсіпкерлердің қолдауымен абаттандырылған үш демалыс орны ел игілігіне берілді. Соның бірі халық тығыз қоныстанған шағынауданда орналасқан. Жаңа демалыс орындарының ашылу рәсіміне шаһар басшысы Мұрат Байменов, жергілікті мәслихат депутаттары және Армения мен Түркиядан келген делегация өкілдері қатысты.










