0:00 / 0:00
Орал қаласының құрылғанына биыл 413 жыл толды. Қаламыздың туған күні биыл ерекше форматта аталып өтіп, ұлттық өнердің үні Еуропа мен Азияның мәдениетін тоғыстырған Жайық жағасында жаңғырды. Орал қаласында қала күніне орай алғаш рет «ZHAIYQ SAZY» халықаралық этно-фестивалі өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті алаңында ұйымдастырылған мәдени шараға еліміздің әр өңірінен және шетелден өнерпаздар жиналды.










