0:00 / 0:00
Жастар - қоғамның қозғаушы күші, елдің ертеңін айқындайтын жасампаз буын. Теректі ауданында Жастар күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылып, ауданның белсенді жастары бас қосты. Жиын барысында жастардың жетістіктері сараланып, олардың қоғамдық өмірдегі белсенділігіне ерекше мән берілді. Мерекелік кеште өңірімізге, һәм республикаға танымал өнер жұлдыздары Теректі төрінде өз өнерлерін көпшілік жұртқа паш етті. Әсерлі де әдемі кеш туралы келесі бейнематериалда толығырақ.










