0:00 / 0:00
Елдің ең мықты спортшыларын біріктірген ауқымды республикалық садақ ату турнирі Орал қаласындағы «Жастар» стадионында өтіп жатыр. Жеңіс пен ұлттық құрамаға жолдама үшін Қазақстанның он өңірінен келген 260 садақшы бақ сынасуда. Қазіргі уақытта жарыстың фавориттерін анықтайтын маңызды іріктеу бәсекелері өтуде.










