Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылыжайы жайнаған

c 16:56, 15/04/2019 c 1010

0:00 / 0:00

Шаһарда жыл он екі ай өнім беретін 35 жылыжай жұмыс істейді. Өткен жылы облыс орталығындағы жылыжайлардан 140 тонна өнім алынған. Облыста жалпы ауданы 69,6 мың шаршы метрді құрайтын ірі және шағын 100 жылыжай бар. Жергілікті өніммен тұрғындарды қамтып отырған кешендер қатары уақыт өткен сайын көбейіп келеді. 2018 жылы облыста көкөністер 60 жылыжайда отырғызылып, одан 864 тонна өнім жиналды. Қазіргі таңда бірінші дақыл айналымындағы жиын терінге дайындық жүруде. Бұл, Серебряков кентіндегі «Клад»  шаруа қожалығына қарасты көкөністер жылыжайы.  5 жылдан бері маусымдық дақылдармен облыс халқын қамтамасыз етіп отырған саяжайда биыл қызанақ көкөнісін өсіруге басым бағыт берілген.  Осы жылдың 2 қаңтарында 35 гектарға егілген өнім енді бір  айдан соң жеміс береді деген үмітте. Аталмыш қожалық мемлекеттің қолдауы нәтижесінде жылыжай көлемін  жыл сайын ұлғайтуда. Көкөністерден бөлек алма, жүзім, алмұртты да өсіріп отырған шаруалар көршілес Атырау облысының халқын да табиғи дәрумендермен қамтамасыз етуде. Ал, алдағы сенбідегі жәрмеңкеге аскөк, жуа, шалқан және түрлі жеміс-жидектер көшеттерін саттыққа  шығару жоспары бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.