Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылыжай жәйі

c 16:06, 27/01/2020 c 873

0:00 / 0:00

БҚО -да ауқымды жылыжайлар салынуда. Оның бірі - Орал қаласының Зашаған кентіндегі «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС. Құны 7 млрд. теңгеге бағаланған жылыжай құрылысы голланд технологиясына сай салынуда. Жалпы ауданы  - 5,5 гектарды құрайтын жылыжай кешенінің құрылысы бүгінде аяқтала келген. Сонымен қатар биыл Бәйтерек ауданында тағы бір көлемді жылыжай құрылысы басталмақ. Қазір БҚО-да жалпы ауданы 69 мың шаршы метрлік 100 жылыжай бар. Облыс тұрғындарын маусымаралық кезеңдерде жаңа піскен көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жылыжай кешендері жыл өткен сайын көбейуде. Солардың бірі - «Орал жылыжай» ЖШС. 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отырған кешен толықтай куатына енгенде 3 мың тонна өнім алынады деп жоспарланған. 2017 жылы Орал қаласында «Орал жылыжай» ЖШС жалпы ауданы 1,2 гектар жылыжай кешенін іске қосқан болатын. Сонымен қатар келер жылы Бәйтерек ауданынан жалпы ауданы 12 гектар болатын жылыжай кешенін іске қосуды жоспарлауда. Жылыжай жылына 5 мың тонна өнім өндірмек. Үкімет жылыжай салуға кеткен шығынның 25 пайызын субсидиялауды жоспарлап отыр. Өңірде күні бүгін жалпы сыйымдылығы 34 мың тонналық 53 көкөніс қоймасы бар. Олардың саны 2011 жылы 27 болған еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.