Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылыту маусымына сақадай сай

c 17:07, 20/09/2018 c 641

0:00 / 0:00

Тұрғын үйлерге жылуды таратуға дайынбыз! Бұл "Жайық жылу қуат" акционерлік қоғамының бас директоры Мұрат Байменов мәлімдемесі. Баспасөз мәслихатында сөз алған кәсіпорын басшысы қай құбыр қай жерде жаңарытылғандығын, ол үшін қанша қаржы жұмсалғандығын жіпке тізді. Жылыту маусымына дайынбыз деген басшы қала тұрғындарының жылу үшін қарызын айтып, бережақты қайтару үшін сот орындаушылармен бірге атқарып жатқан жұмыстарының біраз нәтижесімен де бөлісті. Бүгінгі таңда қала тұрғындары қолданған қызметі үшін қанша қарыз?

Күн суытқан сайын тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың жылыту маусымына дайындығы пысықталып жатыр. Орал мен Ақсай қаласында бой түзеген көп қабатты тұрғын үйлердің дайындығы тексерілуде. Сала мамандары қала көлемінде орналасқан 1163 тұрғын үйдің 80 пайызы әзірлік паспортын алғандықтарын айтып отыр.

Жылыту маусымына дайындықты баяндаған кәсіпорын басшысы жылу үшін азаматтардың қарызын да тілге тиек етті. Бүгінгі таңда, қала тұрғындарының жылу үшін берешегі 335 млн теңгені құрап отыр. "Жайық жылу қуаттың" басшысы төленбеген қарыздармен  20 сот орындаушымен бірлесе отырып, күресіп жатқандығын айтып берді.

Жылыту маусымында келеңсіздік орын алмау үшін тозығы жеткен құрылғы мен құбырды алмастыру керектігі айтпаса да түсінікті. Қазіргі таңда "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы 3365,5 метрді құрайтын жылу магистралінің қайта құрылысы жүріп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.