Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылу тарифі қымбаттауы мүмкін

c 17:50, 12/03/2021 c 602

БҚО-да жылу тарифі қымбаттауы мүмкін. Монополист қызмет құнын 15 процентке өсіруді ұсынған. Қазіргі баға осыдан 5 жыл бұрын бекітілген. Келісімшарт мерзімі биыл аяқталады. Коммуналдық кәсіпорын өкілдері қаржылық қиындықтар болып жатқанын жеткізді.Мекеменің газ таратушы компанияға берешегі 700 млн теңгеге жуықтаса, тұрғындардың берешегі 760 млн теңгені құрайды. Қызметкерлердің жалақысын көтеруге де мүмкіндік жоқтығын алға тартып отырған коммуналдық мекеме облыстық қоғамдық кеңесте мәселені шешудің бірнеше жолын ұсынған.Жалпы, өңірдің 95 пайызы газбен қамтылған. 7 мың шақырым газ құбыры бар. Өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы бөлінген қаржыға 6 шақырым құбыр мен жылу қазандықтары да жаңартылған. Егер де монополист мекеме коммуналдықтардың өтінішін қанағаттандырар болса, онда жылу ақысының құны 15% -ға қымбаттауы мүмкін.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.