Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылу қашан беріледі?

c 17:57, 15/10/2018 c 736

0:00 / 0:00

Облыста жылыту маусымы жылдағы дәстүрге сай 15 қазаннан басталуы керек еді. Дегенмен ауа райының күрт төмендеуіне байланысты жылыту маусымы уақытынан ерте басталды. Осы орайда үйлерінің әлі де суық екендіктерін айтып, шағымданушылардың қатары басым.

ДҮЗБАТЫР,
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Көрші пәтерлерге жылу өткен аптада берілді. Біз суық үйде отырмыз. Батареялар тастай. Бұл мәселе жыл сайын қайталанып келеді. Жарайды әзірге күн жылы. Ал ертең не істейміз? Осыған құлақ түретін жан табылар ма екен?

Тұрғындардың айтқан уәжіне мамандар өздерін кінәлайды. Өйткені үйлерін маусымға дайындамай, тек қыс тақалып, суық алқымнан алғанда ғана жүгіре бастайды екен. Сондай-ақ, олардың жұмысы тек жылуды тасымалдап, жеткізіп берумен шектеледі. Ал көпқабатты үйлердің басым бөлігіне жарты ғасырдан астам уақыт өткен. Бірі жөндеуден өтсе, енді бірі мүлдем жөндеу көрмеген. Сондықтан тұрғындар үйлерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, мықтап дайындалу қажеттігін мамандар айтады. Бүгінде қала бойынша 21 пәтерге жылу берілмеген.

МҰРАТ БӘЙМЕНОВ,
«ЖАЙЫҚЖЫЛУҚУАТ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ
Бүгінде қала бойынша 1161 үйге жылу жіберілді. 21 үйге жылу берілген жоқ. Олардың жұмыстарымен пәтер иелері коперативтері жұмыстануда. Осы аптадан қалмай барлық тұрғын үйлерге жылыту беріледі. Жылу маусымы аяқталған соң, мұндай мәселе қайталанбас үшін арнайы комиссия құрылып пәтер иелерінің коперативтерінің жұмыстары қадағаланатын болады.

Осы орайда пәтер иелері коперативтерінің қызметкерлері күн сайын кемінде 3-4 көп пәтерлі үйлерге жылу жіберіліп жатқанадарын айтады. Яғни жылу құбырлары тексеріліп қауіпсіз екеніне көз жетікізілгеннен соң ғана жылу жіберелетін көрінеді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.