Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылу қашан беріледі?

c 17:01, 29/09/2021 c 1410

0:00 / 0:00

Коммуналдық кәсіпорындар мен желілер жылыту маусымына дайын. Бұл туралы "Жайықжылуқуат" АҚ басшылығы хабарлады. Ал тілшілердің жылыту маусымына қатысты сауалына ол жылу күн суытқан бойда беріледі деп жауап қатты. Яғни Оралдықтардың баспаналарына жылу 3 күн ішінде орташа тәуліктік температура 8 градустан төмен көрсеткіш көрсеткен кезде қосылады.Қаладағы мектепке дейінгі білім беру ошақтары мен емдеу мекемелеріне үстіміздегі аптадан бастап жылу таратылды. Жылыту маусымы әдетте қазан айының орта тұсында басталады. Оған дейін қаладағы мың екі жүзден аса көпқабатты үй жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын аяқтап, жертөлелерін ретке келтірулері керек. «Жайық жылу қуат» маусымдық жұмысқа сақадай-сай екен. Ауа температурасы үш күн қатарынан +8 градусты көрсетсе, тұрғын үйлерге жылу қосылады. Коммуналдық мекемеге тұрғындар қарызы 336 млн. теңгені құрайды.  Естеріңізге сала кетеміз, өткен жылы жылыту маусымы уақытынан 10 күн бұрын басталған еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.