Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылу ақысын төлемеген азаматтардың 68 автокөлігі айып тұрағына қамалды

c 16:40, 05/09/2018 c 826

0:00 / 0:00

Орал қаласында сот "Жайық жылу қуат" АҚ борышкерлерінің жылжымайтын мүлкін пайдалануды шектеуге қатысты 678 қаулы шығарып отыр. Өтелмеген қарыздарды өндіріп алу үшін коммуналдықтар қатаң шара қолдануын жалғастыруда. Бірнеше материал сот шешімі бойынша орындауға жолданыпты.

Бүгінгі таңда борышкерлердің "Жайық жылу қуат" алдындағы қарызы 367 млн. теңгені құрап отыр. Жылыту маусымының соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда борыш көлемі 3 есеге азайған. Белсенді түрде қатаң шаралардың қолданылуы қарызды қысқартып, өз еркімен кәсіпорынға келіп коммуналдық ақыны төлеушілер қарасын арттырған.

-"Борышкерлерге қатысты жылжымайтын мүліктерін пайдалануға, соның ішінде қарызын төлемегені үшін сотпен пәтерлері мен жер телімдерін пайдалануға 678 шектеу шығарылды. Сонымен қатар, борышкерлерге Қазақстан шекарасынан шығуға тыйым салынған 368 қаулы шықты. 68 автокөлік айып тұрағына қамалып отыр. 129 адамның банктегі шотына бұғат салынған",-деп мәлімдеді "Жайық жылу қуат" АҚ бөлімінің басшысы Динара Сисалиева.

Қалалық 2-ші сотқа қазіргі таңда жалпы сомасы 65 млн.теңге көлеміндегі төленбеген қарызды өндіру жөніндегі 1 жарым мың арыз түскен. Оның тең жартысы өндіріліп үлгеріліпті. Жайық жылу қуат тұтынушылары төлеуі тиіс 83 млн. теңге- өндірілуі қиын бережақ есебіне саналады. Оның ішінде 31 млн. теңге пәтерді жалға алушылардың төлемеген ақысы болса, 10 млн. теңге қаңырап бос тұрған пәтерлердің еншісінде екені анықталған.

-"Әділет департаменті "Жайық жылу қуат" АҚ борышкерлерін жауапқа тартуға қатысты әкімшілік сотқа материалдарын жолдады. 3 азамат 1 тәулікке қамауға алынды. 1 борышкер айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылса, тағы біреуін әкімшілік жауапқа алу мерзімі дайындалуда",-дейді "Жайық жылу қуат" АҚ жетекші маманы Айгүл Нұрмұханова.

Коммуналдық кәсіпорын тегін қызмет тұтынуға еті үйреніп, ақы төлеуден жалтарып келгендерге қарсы қатаң күресті борыштар толық өтелгенше тәртіп сақшыларымен бірге жалғастыратын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.