Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылқы бақсаң құрығыңды сайла

c 11:49, 13/04/2018 c 1064

0:00 / 0:00

Облыс орталығында "Етті және сүтті өнімділік бағытындағы жергілікті жылқы тұқымдарының қазіргі жағдайы және оның болашақтағы даму перспективалары" атты xалықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды. Аталмыш жиынға арнайы Қытай мен Ресей елінде өнімділігі мол жылқылары зерттеп жүрген ғалымдар арнайы табан тіреді.

Еліміздің аумағында 1990 жылдармен салыстырғанда өткен 2017 жылы жылқы малының саны 48 пайызға артқан. Алайда, бұл көрсеткіш келер 5-7 жылда қайтадан құлдырауы мүмкін. Себебі, елімізде етті және сүтті жылқы өсіретін шаруалар мемлекеттен қолдау таба алмай отыр. Ғылыми конференцияға бас қосқан ғалымдар егер аталмыш жағдай өзгермесе, Қазақстандық климатқа бейімделген жылқылардың саны азайып кетеді деп дабыл қағуда.

Облыс орталығында ұйымдастырылған ғылыми- практикалық конференцияға арнайы Қытайдан келген мамандар табан тіреді. "Қазақ" жылқысын зерттеу айналысатын шетелдік ғалымның сөзінше, Қытайда жылқы малына деген сұраныс жыл сайын көбейіп келе жатқан көрінеді. Олар бұл тенденцияға алаңдап отыр. Себебі, жылқы малына деген сұраныстың салдарынан мал саны азайып кетуі мүмкін,- дейді. Қытайлық ғалым Оралға келуміздің негізгі мақсаты: тұқым сақтап қалу мен еліміздің аумағына жаңадан тұқым енгізу болып табылады.

Ғылыми практикалық конференцияға бас қосқан ғалымдар етті және сүтті жылқы өнімдерін сақтау мен дамыту үшін ортақ шешім қабылдады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.