Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылдамдықты асыру - ана дүниеге асығу

c 12:18, 14/11/2018 c 1016

0:00 / 0:00

БҚО - да "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Жолда кездесетін құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өтіп жатқан шара 5 қараша күні басталған. Содан бері полиция қызметкерлері 2 мыңға жуық адамға қатысты әкімшілік құқық бұзғаны үшін хаттама толтырған.

Адамдардың тұрмыс деңгейі көтеріліп, жағдайлары жақсарған сайын қалада темір тұлпар тізгіндегендер саны артып отыр. Бірақ, сол көлік мініп, көшеге шыққандардың бәрі бірдей жол ережесін сақтай бермейді .Бұл өз кезегінде жол патрульдік полициясының жұмысын күшейтіп отыр.
Қарашаның бесі мен желтоқсанның бесі аралығында оралдықтар патрульдік машиналардың осындай дабылын жиі естейтін болады. Көшеден қаптаған полиция көріп шошудың да қажеті жоқ.Бір ай көлемінде өтетін рейд барысында олар кез келген машинаны тоқтатып, қауіпсіздік мәселесін жіті тексереді.
Қазір жол апаттарының саны бұрынғы жылдармен салыстырғанда азайды дейді полиция өкілдері. Бірақ, адам өлімі азаймай тұр. 13 ғасырда өмір сүрген Майқы би біздің заманымыз туралы "Темірден болар көлігің, темірден болар өлімің" деген екен. Қазір сол Майқы шешеннің айтқаны дәл келіп тұрғандай. Олай дейтініміз биылғы жылдың 11 айында 95 адамның ажалы темір тұлпардан келген. Яғни, талай адамның қаны қара жолға сіңіп, талайдың үміті жолда үзіліп жатыр. Жол мұраты жету деп асыққандар жететін жеріне жете алмай мәйітханадан бір шыққаны қаншама. Жылдамдықты асыру - ана дүниеге асығу дегенмен полицияда келіседі.
Осы автоураган кешенімен де талай құқық бұзушылқтар анықталады. Атап айтсақ баласына алимент төлемей жүрген әкелер мен коммуналдық қарызды төлемей жүрген көкелер де осы автоураганның құрығынан құтыла алмайды. Бұл өзі өте қырағы құрал. Рейд кезінде біздің көзімізше бір адам осы көліктің көзіне түсіп, жауапқа тартылды.
Айыппұлды уақытында төлемеген бұл азаматтың көлігі айып тұрағына жеткізілді. Айта кетейік, жыл басынан бері айып тұрағына 916 көлік қойылған.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.