Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖУЫРДА БИЗНЕСТІ ТЕСКЕРУГЕ МОРАТОРИЙ АЯҚТАЛАДЫ

c 00:39, 09/11/2023 c 41

0:00 / 0:00

2019 жылы шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланған еді. Енді, жағасы жайлауда жүрген кәсіпкерлер бұл жеңілдіктен айырылады. Екі айданнан кейін бизнесті тексеруге енгізілген мораторий күшін жояды. Жаңа жылдан бастап кәсіпкерлерге жүргізілген тексерістер жанданбақ. Депутаттардың айтуынша, шағын кәсіпкерлер мемлекеттік органдар тарапынан тексерулер қайта басталады деп қорқып отыр.

Ал бизнес жүргізу мәселелері бойынша депутаттардың алдына келіп отырған Ұлттық экономика министрі тексеру рәсімдерін жетілдіріп, оңтайландырамыз деп отыр. Сондай-ақ, қадағалау салаларындағы жедел ден қою шаралары регламенттелмек. Яғни енді заңда жоқ тексерулерге тыйым салынады. Қуантыров бизнесті қорқыту емес, қолайлы жағдай жасау масқаты тұр дейді. Жаңа жылдан бастап мораторий аяқталғанымен, бизнесті бей-берекет тескреулер болмайды, бұл жұмыс атвоматтандырылады деп сендіреді.

4 жыл бойы елдегі шағын және орта бизнесті тескеруге мораторий жарияланып, кәсіпкерлер әкімшілік бюракратиядан демалып қалған еді. Алайда, бизнес осы аралықта есін жиіп үлгерген жоқ. Коронавирус пандемиясында кәсіпкерлер үлкен дағдарысқа ұшырады. Көбісі бизнесін жабуға мәжбүр болды. Экономистердің айтуынша, пандемия кезіндегі шектеулерден сауда, көлік пен логистика салалары зардап шекті. Несиенің пайыздық мөлшерлемесі мен тұтынушы белсенділігінің төмендеуі шағын және орта бизнес үшін дағдарысты одан әрі ушықтырды. Карантин кезінде отандық бизнес интернеттің мүмкіндігін пайдалануды қолға алды. Бұл дағдарыстан шығудың бір ғана жолы болатын. Алайда, спортзал, сұлулық салондары, ірі сауда орталықтары бұл мүмкіндікті пайдаоан алмады. Бизнестің бір бөлігі жабылып, қайтадан аяққа тұра алмады. Сауда 15-20 пайызға қысқарып, жалпы ішкі өнімнің азаюына әсер етеді деген қауіп бар деп дабыл қаққан еді сарапшылар. Ал үкіметтің ресми мәліметіне сүйенсек, қазір шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 33,5 пайызға жетіпті. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,4 млн болды. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 3,5 млн адамды құрап отыр. Алайда, бұл статистика. Ал статистика көп жағдайда шынайы өмірмен қиыспай жатады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.