Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жүргізушілер жетіспейді

c 16:25, 31/10/2019 c 578

0:00 / 0:00

Қазіргі уақытта Орал қаласында алты кәсіпорын жолаушылар тасымалын қамтамасыз етеді. Нақтырақ айтқанда, қалаішілік, қала маңындағы ауылдар және саяжай аумақтары бойынша 41 бағытта автобустар бар. Соңғы жылдары автобустарды жаңарту жолға қойылды. Десек те, қоғамдық көліктердің қозғалысына қатысты жолаушылардың шағымы аз емес. Мамандардың айтуынша, бұл саладағы басты мәселе - жүргізушілердің жетіспеуі болып отыр.Тасымалдаушы кәсіпорындарда жүргізушілердің жалақысы әр түрлі. Орта есеппен 55-65 мың теңге аралығында. Олар күніне 15-16 сағаттан жұмыс жасауға мәжбүр. Өйткені ауыстыратын жүргізушілер жоқ. Сәйкесінше, олар демалысқа шыққан күндері автобустар желіге шықпай қалуы мүмкін. Сол себепті тұрғындар тарапынан наразылық туындауда.Шағымның көп түсіне байланысты бұған дейін «ПАП №1» ЖШС қызмет көрсеткен №10 және 14 бағыттағы маршруттар енді «Ақжол-авто» ЖШС-ға берілмек. 70 шақты аялдаманы қамтып, 80 шақырымдай жол жүретін №6, Деркөлдегі «Сарыарқа» шағынауданынан Зашаған кентіндегі «Балауса» шағынауданына дейін қатынайтын №7 бағыттағы автобустарға да жолашуылардың шағымы аз емес. Бөлім басшысы «Омега» ауданында қайта салынып жатқан өткел ашылған соң маршруттарды оңтайландыру жоспарланып отырғанын жеткізді. Демек бір-бірін қайталайтын қоғамдық көліктердің қозғалысы өзгертіліп, кейбірінің жолы қысқартылатын болады.
Қала маңындағы ауылдар және саяжай аумақтары бойынша 41 бағытта автобустар бар. Жолақы құны - 80 теңге. Бұл 2017 жылдың 1 тамызында көтерілген баға. Негізінен жолақысы - 207 теңге болуы тиіс. Дегенмен, жергілікті бюджет есебінен айырмашылық субсидияланып отырғандықтан, әзірге жолақыны көтеру мәселесі туындап отырған жоқ. Бюджет есебінен 2018-2021 жылға дейін бектілген есеп бойынша 220 млн. теңге шамасында субсидия берілуде. Бұған дейін бірнеше қоғамдық көлікте электронды билет жүйесі енгізілген болатын. Бірақ, шілде айында бұл жүйе тоқтатылды. Алдағы уақытта электронды билет жүйесі қайтадан енгізіледі. Өйткені еліміздің барлық қалаларында қоғамдық көліктер 2020-2021 жылдары толықтай электронды билет жүйесіне көшуі тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.