Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жұмыстан қуылды

c 17:49, 22/08/2019 c 406

0:00 / 0:00

Тәртіп сақшыларының атына кір келтірген қызметкер жұмыстан қуылды. Естеріңізге сала кетейік, шілденің 14-нен 15-не қараған түні қызметтік көлікпен жол көлік оқиғасына ұшыраған полицей туралы ақпарат таратқан болатынбыз. Аталған келеңсіз оқиғаға жол берген Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округының инспекторы екені анықталды. Сол түні кезекшілікке түскен орган қызметкері өз ісіне салғырттық танытып, қызметтік көлікті соқтырды. Оның бұл әрекеті ПД тәртіптік кеңесінде қаралып, полиция атына кір келтіргені үшін жұмыстан қуылды. Айта кеткен жөн, осыған ұқсас жағдай мамыр айында да орын алған. Араға уақыт салып тағы да қайталанып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.