Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жұмыссыздар саны артуда

c 00:10, 03/06/2020 c 473

0:00 / 0:00

Жұмыссыздар саны жыл соңында 6,1 пайызды құрайды. Бұл жайында еңбек министрі Біржан Нұрымбетов  үкіметтің онлайн отырысында мәлімдеді. Министрлер кабинеті «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Мәліметке сүйенсек, 184 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 176 млрд теңге қарастырылған. Аталған соманың 71,5 млрд теңгесі микрокредиттер мен гранттарға, 32,6 млрд теңге оқытуға, 71,9 млрд теңге субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға және жұмыс күші бар аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға адамдарды көшіруге арналған субсидияларға бағытталады.

Пандемия барысында жұмысы тұралап қалған кәсіпорындар қиындықтан шығу үшін жұмыскерлер санын қысқартуда. Қауіпті індет жайлаған сәттен млндаған адам табысынан айырылды. Еңбек министрі жыл соңында жұмысссыздар саны артуы мүмкін деп дабыл қағады.

Үкімет бұл дағдарыстан шығу үшін «Еңбек» бағдарламасын енгізді. Жұмыс орындарын құруға 176 млрд теңге бөлді. Микрокредиттер, гранттар бөліп, мамандыққа қайта оқытуды қолға алуда. 184 мыңға жуық адам жұмысқа орналасса, 99 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылған. Алайда бұл жұмыс түрлерін тұрақты деп айту қиын. Ашылып жатқан жұмыстардың басым бөлігі құрылыс саласында.

Аталмыш  бағдарлама жұмыссыздарды, әсіресе жастарды еңбек нарығына тартуды көздейді.  Өкінішке орай, жұмыспен қамтуды толық атақара алмай отырған облыстар бар. Шымкент қаласы және Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары артта қалып отыр - деді премьер-министр.

Сынға іліккен облыс басшыларына тиісті тапсырманы толық орындау тапсырылды. Ал жалпы үкімет ағымдағы жылы  1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамтимыз деген сенімде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.