Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жұмысшылардың жалақысы өсті

c 15:10, 30/10/2018 c 1094

0:00 / 0:00

БҚО өндіріс ошақтары қызметкерлерінің жалақсын көтеріп жатыр. Бұған дейін бірнеше мекеме өз жұмысшыларының жалақысын көтергенің айтқан болатынбыз. Енді бұл тізімге "Желаев нан комбинаты" да қосылып отыр. Облыстағы ірі кәсіпорын саналатын бұл мекеменің бастамасы құптарлық.

Қазіргі уақытта "Желаев астық өнімдері комбинатында" 560 адам жұмыс жасайды. Мекеме күндіз-түні нан өнімдерін шығарады. Одан бөлек макарон өнімдерінің 20 түрін шығаратын бірнеше цех жұмыс жасап тұр. Бұл жерде айына 4 мың тонна өнім шығарылады.

Елбасы биылғы жолдауында қарапайым еңбек адамдарының жалақысын өсіруді жіті тапсырды. Маңдай термен тапқан тиынның құнын білетін жұмысшы табы үшін бұл жақсы жаңалық болды. Осыны аяқсыз қалдырмай қатардағы қызметкерлердің жалақысын 10 пайызға өсіруді қолға алған мекеме де осы "Желаев комбинаты".

Қазір біз осы жылдың қаңтар айында ғана іске қосылған цехта тұрмыз. Бұл жерде макаронның 12 түрі соңғы технология бойынша өндіріледі. Жалақысы өседі дегенді естіген жас мамандар ризашылықтарын жеткізді."Желааев комбинаты"бүгінде Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей елдерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.