Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жұмыс жалғасуда

c 18:05, 18/03/2020 c 522

0:00 / 0:00

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры: "Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты режимде жұмыс жасауда. Әрбір үш сағат сайын аталмыш орталықтарда дезинфекциялық жұмыстары жүргізіледі",- деп мәлімдеме жасады. Басшының сөзіне сенсек, қазіргі жағдайға қарамастан орталықтың қызметкерлері жұмыстарын атқарып, азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуде.

Әрбір үш сағат сайын ғимараттың ішін дезинфекциялауды қолға алған халыққа қызмет көрсету орталықтары да өз жұмысын жалғастыруда. Кеселдің таралмауы үшін ғимараттың ішінде небары 50 адам болуы керек. Сала мамандары азаматтардың көптеп жиналмай, қажетті анықтамаларды алу үшін қаланың 20 мектебінде арнайы бұрыш ашқан. Білім беру нысандарында мамандар азаматтарға көмектесе алады.

Қазір шекара асу үшін міндетті түрде төлқұжат керек. Сол себепті паспорт алушылардың қарасы көбейген. Бүгінгі таңда барлық азаматтардың емін-еркін шетел асып, шекарадан шығуына тыйым салынған. Бірақ Қазақстан азаматы мен емге, ота жасату үшін барған азаматтар еліміздің аумағынан шығып, елге орала алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.