Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жұмыс кестесі өзгерді

c 15:43, 02/06/2020 c 273

0:00 / 0:00

1- маусымнан бастап "Жайық жылу қуат" мекемесі төрт сағаттық жұмыс күніне көшті. Қазіргі таңда қысқартылған жұмыс күнімен 500-ге жуық қызметкер жұмыс жасайды. Сала мамандары бұның баршасы инфекцияның таралмасы үшін қолға алынған шара,- дейді. Бүгінгі күні жылу және ыстық су үшін оралдықтар мекемеге 656 млн теңгедей ақша қарыз.

Қазіргі жағдайға байланысты "Жайық жылу қуат" мекемесі 4 сағаттық жұмыс күніне көшті. Мамандар қабылданған шаралардың баршасы инфекцияның таралмасы үшін және компанияның экономикалық жағдайына байланысты қабылданып отыр,- дейді. 503 жұмыскер енді төрт сағаттай қызмет жасамақ.

Экономикалық жағдай демекші, қазір оралдықтар тұтынған ыстық су мен жылу үшін 656 млн теңгедей қаражат бережақ. Ал карантин уақытында коммуналдық төлемнен босатылған орта және шағын бизнес субъектілері 65 млн. теңгедей қарыз болып отыр. Сала мамандары карантин уақыты аяқталғасын барлық борышкерлерді бережағын төлеуге шақырады. Компанияның өзінің көгілдір отын үшін "Қаз Транс газ Аймақтың" алдында 1млрд 304 млн теңгедей қарызы бар.

"Жайық жылу қуат" мекемесінің өкілдері газ үшін қарызымызды уақытылы төлеп отырмыз, сол себепті биыл оралдықтар ыстық сусыз отырмайды деп сендірді. Биыл мекемеге қарасты екі су қайнататын қазандықтар жөнделмек. 18-мамырдан бастап қала аумағында гидравикалық сынамалар жүзеге асуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.