Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Жұмада жақсылық жасайық!"

c 18:38, 06/04/2018 c 899

0:00 / 0:00

Орал қаласында бүгін 10 автобус жолаушыларды тегін тасымалдады. Ұйымдастырушылар таңнан кешке дейін акция өткізу үшін 6 автобус паркімен келіскен. Бұл жолы демеушілердің көмегімен 22, 35, 5, 2 сынды ұзын автобустарда қайырымды кондукторлар пайда болып, жолаушылар бауырсақтан ауыз тиді.

2ші маршрутқа мінген жолаушылар барар жерлеріне тегін жетіп, жолақыдан ақшаларын үнемдеп қалды. Көпшіліктің көңілінен шыққан акцияны ұйымдастырушылар жолаушылардан мың сан алғыс естіді.

"Жұмада жақсылық жасайық!" акциясы бүгін соңғы рет өткізіліп отыр. Енді ұйымдастырушылар эстафетаны өзге облыстарға жолдағысы келеді және өзге де еріктілер мен кәсіпкерлер игі бастаманы жалғастырса деген ниетте. Акция басталғалы шамамен 7 мыңдай жолаушы тегін автобустармен қатынапты.

Акция әдеттегідей қасиетті жұма күніне арналып және пасха мерекесінің қарсаңында арнайы өткізіліп отыр. Адамдарды тегін тасымалдауға 6 автопарктен №22, №5, №2, №35 үлкен автобустар мен №39, №12, №6, №№52, №7 ші маршруттар қатысты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.