Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жүк көліктері өздерінен үлкен жүк артып жүр

c 17:48, 27/08/2019 c 759

0:00 / 0:00

Оралда жүк көліктеріне қатысты рейд ұйымдастырылды. Оған қатысқан құқық қорғаушылар қалаға кіріп-шығатын барлық ауыр көліктерді қатаң түрде тексерді. Сонымен қатар, көліктердің техникалық талапқа сай болуы, жүгі мен тасымалдап бара жатқан тауарларына тиесілі құжатына дейін қадағаланды. Жолдағы қабылдау шарасы аясында тонналап тауар тиеген жүк көліктері түгел тексерілді. Оның үстіне олардың артқан жүктері мен тауарларының құжаты қатаң қадағаланды. Мысалы, бірнеше жылдан бері жүк тасымал­дап жүрген бұл көлікке бүгін айыппұл салынды. Көлік жүргізуші өзінің 240 келіден артық жүк тиеп алғанын түсіндіріп айта алмады. Сондық­тан да тексеруші мамандар «Әкімшілік құқықбұзу­шылық туралы» заңына сәйкес айыппұл салды.Осыған орай, БҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Момыш Ермеков аса ауыр жүк тиеген жүргізушінің алдын-ала рұқсат алғаны жөн дейді. Жыл басынан бері 700-ден аса тұлғаға айыппұл салынған. Қазір мемлекеттік мекеме сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жұмысты жандандырған. Бұдан бөлек ауыр салмаққа есептелмеген жолдар ұзақ уақыт қызмет көрсете алмайды. Сондықтан да жүктің жалпы салмағы 40 тоннадан аспауы керек, Демек, бір дөңгелекке 10 тонна салмақ түсуі керек деген өзінің шектеуі бар. Соған орай енді заңсыздық жасаған жеке тұл­ғаларға 100 мың теңге, ал заңды тұлғаларға 2 жарым миллион теңгеге дейін айыппұл салынады. Бүгінгі шара барысында түске дейін 40 көлік тоқтатылып, оның 6-ауына айыппұл салынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.