Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Жұбан" премьерасы

c 17:27, 12/10/2020 c 552

0:00 / 0:00

Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры 28-ші театр маусымын ашты. Жаңа маусым пандемияның кесірінен сән-салтанатсыз, көп көрерменсіз өтті. Санитарлық талапқа сәйкес елу көрермен екі метр арақашықтық сақтап, маусымның премьерасын тамашалады. Театр сахнасында тұңғыш рет Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл толуына байланысты ақынның бейнесі сомдалды.

Жұбан спекталінде ақын өмір сүрген үш тарихи кезең бейнеленген. Ең әуелі көрермендер 1986 жылғы ызғарлы қысты көреді. Жүрек жұтқан ақынның Колбиннің алдында шындықты айтуымен қойылым басталады. Аталмыш спекталь қазақ сахнасында тұңғыш рет көрерменге жол тартты.

Қойылымның екінші бөлімінде Жұбан дүниеге келген аштық кезең бейнеленеді.

Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрдың актері Теміржан Матаев Жұбан рөлін театр сахнасында тұңғыш рет сомдады. Актер осы рөлге дайындалу үшін бірнеше ай табанды дайындалып, Жұбанның еліне барғандығын айтады.

Ұзақ уақыт үзілістен кейін, театрға келген жандар қойылымнан ерекше әсер алдық,- дейді.

Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры биыл 28-шы маусымын бастады. Театр көрермендерін сенбі мен жексенбі күндері төртте күтеді. Санитарлық тараптарға сәйкес таетрға келген адам саны 50-ден аспауы қажет. Театр ұжымы Жұбан премьерасынан бөлек, екінші жаңа қойылымды сахналау үшін дайындыққа кіріскен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.