Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖСДП сайлауға байкот жариялады

c 09:23, 30/11/2020 c 774

0:00 / 0:00

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы алдағы Парламенттік сайлауға байкот жариялады. Оппозициялық партия бұл шешімді бүгін өткен сьезінде қабылдады.Жиынға 40 делегат қатысып, соның  32  бойкотқа дауыс берді, үшеуі қарсы болып, бесеуі қалыс қалды. ЖСДП-ң төрағасы Асхат Рақымжанов сайлауға байкот жариялау арқылы, елдің қазіргі жағдайына деген көзқарасымызды көрсетеміз. Бұл сайлаудағы бойкотымыз – қалыптасқан жағдайға қарсы негізгі наразылық деді.

Осылайша Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы алдағы Парламенттік сайлауға байкот жариялады. Оппозициялық күшпіз деп жүрген саяси партияның сайлауда күш сынасуыдан бас тарутына не себеп болды? Партия серкесі Асхат Рақымжанов сайлауға қатысудан бас тарту  арқылы, елдің қазіргі жағдайына деген көзқарасымызды көрсетеміз. Бұл сайлаудағы бойкотымыз – қалыптасқан жағдайға қарсы негізгі наразылық дейді. Сондай-ақ, партия сайлауда дауыс жинай алмай, Қосановтың кебін киеміз деп қорқақтап отыр.

Асхат Рақымжанов – ЖСДП төрағасы «Егер сайлауға қатысссақ біз екінші Қосанов болар едік. Дауысымзды тартып алушы еді. Өздеріне керегін жасап алады. Ал біздің партияның өз жинаған дауысын қорғап қалуға шамасы жетпейді»

Не керек, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мүшелерінің ойы екіге жарылды. Партияның съезіне 40 делегат қатысса, соның 32-і сайлауға қатыспау туралы шешімді қабылдады. Ал қалғандары  ЖСДП саяси күреске қатысып, өз серіктестерін конституциялық құқынан айырмауы керек деп бойкотқа қарсы болды.

Тіпті, сайлауда 7 пайызға қол жеткізгеннің өзінде, 100 депутаттың ішінде дауысымыз шықпай қалады деп даурыққандары да болды.  Ал өздеріңізге мәлім, біздің елде экстремистік ұйым ретінде танылған «Қазақстанның Демкоратиялық таңдауы» қозғалысының басшысы Мұхтар Әблязов бұл сайлауда ЖСДП қосылуға ниетті екенін мәлімдеген болатын. Алайда, аталмыш партия Әблязовтың заты түгілі атынан шошып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін  ЖСДП төрағасының орынбасары Айдар Әлібаев партия келесі парламенттік сайлауға бойкот жарияламайды деп деп мәлімдеген болатын. Ал бүгін ол да бастапқы ойынан айнып қалыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.