Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖСДП-Ң ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІ ТІРКЕЛДІ

c 10:43, 14/02/2023 c 88

0:00 / 0:00

Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлауға кандидаттарын ұсынған саяси партиялардың тізімін майшаммен тексеріп, тіркеуді бастады. Бүгін алғашқы болып Жалпыұлттық-социал демократиялық партиясының мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімі тіркелді. Бұл жайында комисисяның жиынында мәлім болды. Енді Жалпыұлттық-социал демократиялық партиясы сайлаудың үгіт-насихат жасайтын кезіде дайындалатын болады.

Жалпыұлттық-социал демократиялық партиясы Орталық сайлау комиссиясының сүзгісінен өтті. Мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімдегі 19 үміткері түгел тіркелді. Партия тізімін тіркеу үшін ОСК шотына сайлау жарнасын енгізу керек. Жарна сомасы партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшері – 1 050 000 теңгені құрайды. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» сайлау жарнасын толық көлемде төлеп қойыпты.

Еске сала кетейік, ЖСДП алдыңғы Парламент сайлауына байкот жариялаған болатын. Енді өзін оппозициялық партиямыз деп жүргендер үшін не өзгерді?

ЖСДП –дан мәжіліс депутаттығына үміткер болып отырғандардың ішінде Нұрлан Әуесбаев да бар. Ол өткен жылғы Президент сайлауына түсіп, назарға іліккен болатын. Әдетте президенттік сайлауда бой көрсеткендерге Парламенттен орын бұйырып жататын тәжірибе қалыптасқан. Нұрлан Әуесбаевтың да үміті бар сияқты.

Осылайша ЖСДП наурыздың 19 күні өтетін парламент Мәжілісінің сайлауына 19 үміткермен қатысатын болды. Олардың 6-уы – әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі жандар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.