Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жөнделген аула

c 18:08, 15/07/2020 c 330

0:00 / 0:00

2020 жылы Орал қаласында 11 аулаға жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл үшін қазынадан 400 млн.ға жуық қаражат бөлінген. Қазіргі таңда Чапай дивизиясы 25 көшесінде орналасқан 3-ші үйдің ауласы толыққанды жөндеу көрген.

Бұл-Зашаған кентіне қарасты Чапай дивизиясы 25 көшесінің үшінші үй. Аталмыш сексен пәтерлік тұрғын үйдің ауласы жақында күрделі жөндеуден өтіп, тұрғындардың көзайымына айналған. Ауланың жөндеу жұмыстары үшін қалалық бюджеттен 29 млн теңге қаражат бөлінген. Тұрғындар бұрындары да үйдің ауласын жинастырып, ақтап-сырлап жүрдік,- дейді.

Сала мамандары биыл Орал қаласында 11 үйдің ауласын жөндеуден өткізетіндігін айтады.

Жалпы Орал қаласында 120-дан астам аула мүлдем жөндеу көрмеген. Сала мамандары келер жылы 19 ауланы күрделі жөндемекші. Қазір жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.