Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жомарттық танытты

c 15:01, 05/05/2020 c 441

0:00 / 0:00

Өңірде сал ауруына шалдыққан жандарға қолдау көрсету жалғасуда. Жеке кәсіпкер Біржан Қожақов бірнеше жылдан бері мүгедектерге арналған вертикализатор аппаратын шығарумен айналысып келеді. Шет елдерде құны қымбат мұндай құрылғыларға сұраныс та көп. Ал тумысынан дене кемістігімен ауратын балалардың денсаулықтарын оңалту жолында мұндай құрылғылар өте қажет болып табылады. Туғаннан сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу ісі аса төзімділік пен қажырлықты талап етеді. Әрі мұндай балалардың денсаулықтарын қалыпқа келтіру ұзақ емдеуден соң ғана нәтиже береді. Балалар болшағымыз ұранын ұстанған БҚО ПД қызметкерлері бір күндік жалақыларын Біржан Қожақов жетекшілік ететін мекемеге аударып, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер 250 балаға арналған вертикализатор құрылғысын жасап берді.
Кәсіпкердің айтуынша, аталмыш құрылғы балалардың қозғалысын реттеуге жәрдем береді. Облыс әкімі Ғали Есқалиев мұндай игілікті шараны қолдап отыр. Яғни өзге де мекемелер бұл шараны жалғастыруына мүмкіндік бар. Жиналған қаржыға жасалған вертикализаторлар сал ауруына шалдыққан балаларға жеткізілді. Бұл жоба негізінен көктем мезгілі басталысымен қолға алынуы тиіс болатын. Алайда елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты енді мүмкіндік туып отыр. Кәсіпкер алдағы уақытта еліміз бойынша аталған топтағы балаларға құрылғыларды жасап беруге дайын екенін айтады. Ол үшін арнайы рұқсат қағазы да бар. Ал облыс бойынша бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі 2 мыңан аса бала болса, оның 1500 ден астамы сал ауруына шалдыққан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.