Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жомарт жүрек

c 15:12, 27/09/2019 c 1188

0:00 / 0:00

Орал қаласында «Жомарт жүрек-2019» сыйлығының иегерлері анықталды. Аталмыш шара биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында түрлі бағыт қамтылып, әсіресе, «Туған жердің» кіші бағдарламасы жоқ-жітікті түгендеуге бағытталған еді. Осы бағдарламаның аясында атымтай жомарт жандар туып-өскен ауылдарына түрлі мәдени және ауыл халқы үшін маңызды нысандарды салып беріп, тағдырдың түрлі сынына тап болған жандарға көмектесуде. Жомарттығымен көзге түскен жандарды осымен үшінші жыл қатарынан «Жомарт жүрек» атты сыйлықпен марапаттап келеді.

Биыл "Жомарт жүрек" сыйлығын алған кәсіпкерлер қасиетті Рамазан айында мұң-мұқтаж жандарға, жетім-жесірлерге көмектесіп, "Мектепке жол" акцияларына қатысып, көпбалалы аналарға пәтер кілтін табыстап, азаматтарға қол ұзын созды.

"Жомарт жүрек-2019" атымтай жомарт жандардың еңбегін елеп, оларды марапаттауға арналған шара өнерпаздардың концертімен аяқталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.