Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жомарт жандар көмегі

c 18:04, 03/02/2021 c 579

0:00 / 0:00

Жақсының жақсылығын айт... Белгілі кәсіпкер, Орал қалалық мәслихатының депутаты Нұргул Ашикова жалғыз басты ананың үйіне жөндеу жұмыстарын жасап берді. Бұл игі іске "Ақжайық жастары" волонтерлері ат салысты. Қазіргідей қиын уақытта көп баланы асырап, оларға жағдай жасау ата-аналарға оңай еместігі түсінікті. Жақсылық жасап жарысқан жомарт жандар мен волонтерлердің бірлескен қайырымдылығы туралы Ажар Хамитова әңгімелейді.

Бұл -жалғыз басты ана Алиса Шыналиева. Бүгінде кейіпкеріміз 3 перзентін бір өзі тәрбиелеп отыр. Тұңғышының жүрегіне 2015 жылы ота жасалған. Екі жыл бұрын осы қыз баланың мүгедектігін алып тастайды. Жалғыз басты ананың өзі балаларына алатын жәрдемақының арқасында жан бағып отыр. Қиналған сәтте көмек сұрап 13-мектептің әкімшілігіне жолыққан.

Жалғыз басты ананың өтінішіне кәсіпкер Нұргүл Ашикова құлақ асады. Жомарт жан балаларға қуаныш сыйлау үшін үйге жөндеу жүргізуге қаражат бөледі. Бүгінде жұмыстар біртіндеп басталды.

Волонтерлар жұмысты апта соңында аяқтайды. Жөндеу жұмыстары аяқталғасын мецанат, белгілі кәсіпкер Нұргул Ашикова балаларға азық-түлік пен киім-кешекті табыстайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.