Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолдар қашан жөнделеді?

c 16:42, 14/03/2019 c 733

0:00 / 0:00

Оралдың шұрық тесік болған көшелері жүргізушілерді мезі етті. Қар мен жаңбыр суынан ойдым-ойдымы шыққан жолдарда жүрген көлік иелері темір тұлпарымыз тозып бітті деп отыр. Қаланың бір шетінен екінші шетіне жеткенше доңғалағы жарылып, болмағанда бір қосалқы бөлшегі сынатынын айтқан азаматтар қара жолға биліктің назар аударғанын қалайды. Ал жауапты сала мамандары болса жөндеу жұмыстарының  көп ұзамай басталатынын айтып отыр. Кісі тасып күн көріп жүрген көлік иелері  соңғы уақытта кірісінен шығысы көбейгенін айтады. Өйткені жолдардағы саны жоқ  шұңқыр көлігін күнде зақымдайтын көрінеді. Көліктердің тоз-тозын шығаратын шұрық тесік қаланың  кез келген жеріндегі тас жолдарда да кездеседі. Жыл сайын жамап-жасқалатын жолдың қазіргі жағдайы сын көтермейді.  Жүргізушілердің жанына батқан жолдың жайы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегілерге де таныс. Бірақ, барлық «тесікті тегістеп тастауға қол қысқа»- дейді. Себебі, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құжаттар әлі де  рәсімделуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.