Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолдар қардан тазалануда

c 16:39, 08/01/2019 c 925

0:00 / 0:00

Бүгінде «Қазақавтожол» ЖШС барлық техникикалары мен жұмысшылары республикалық  маңызы бар жолдарды қалың түскен қардан тазалу жұмыстарымен шұғылдануда. Күн аязда екі аусыммен жұмыс жасап жатқандар бірер күн бұрын орын алған боранның салдарынан көлік биіктігендей қар түскенін айтады. Облыс аумағынан республикалық маңызға ие 8 тас жол өтіп жатыр. Өңірде қала аралық осы тас жолдардың күтіміне «Қазақавтожол» ЖШС -ы жауапты. Қыс мезгілінде жолдарды қардан тазартуға  барлық арнайы техника жұмылдырылған.  Жол тазалығана жауапты мекеме қызметкерлері  жылдың басында бір айда түсетін қар бір күнде жерге түсіп,   жазда жөндеуден қыста қардан арылмайтын жолдардағы қауіп еселене түскенін айтады. Сонымен қатар  жиі қар басып, көлік қозғалысы нашарлайтын бағыттарді да атап өтті. Мекеме үшін қыс пен көктем нағыз жайсыз мезгілдер. Көктемде сірә жолдарды су шайып кету қаупі басым. Ол үшін қыс уақытында тас жолдар қардан тиісті деңгейде тазартылып тұруы қажет. Қараша айынан бері республикалық маңызы бар жолдар бірнеше мәрте жабылды. Жол тазарту жұмыстары жүріп жатқан Ресей Федерациясымен шектесетін Орал-Тасқала бағытындағы 100 шақырымдық автокөлік жолы 11 желтоқсанында қолданысқа берілді. Сол себепті аталмыш жолдағы қар жиналатын қауіпті орындар енді ғана белгілі болады дейді. Аталмыш мекеме жалпы ұзындығы 1235 шақырым жолдың тазалығына жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.