Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолда сақ бол, жеткіншек!

c 17:27, 21/05/2019 c 819

0:00 / 0:00

Тәжірибе көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының туындауының негізгі факторы тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарды дер кезінде жүргізілмеуінен . Аталмыш іс-шараның мақсаты да осы – балалар арасындағы жол-көлік жарақаты мәселесі мен жол-көлік оқиғасының санын барынша азайтуға қоғамның назарын аудару. Мәселен биылғы жылы балалардың қатысумен 18 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 19  мектеп жасындағы балалар жарақат алған. 3 күнге жалғасқан слетке өңіріміздің барлық  мектеп оқушылары қатысты. Әр команда 5 қыз 5 ұл баладан құралған. Балалар жол-көлік оқиғасы кезінде ЖЖЕ, реттеушілердің ым-ишараларын білуден, алғашқы медициналық көмекті жылдам әрі сапалы көрсетуден, арнайы жолда өту жолағында велосипедпен өтуден сайысқа түсті. Мәселен өткен жылы Теректілік өрендер облыстық кезеңде жоғары көрсеткішке ие болып, республикалық шараға жолдама алған. Ал бұл жолғы облыстық кезеңде Бөрлілік өрендер жеңімпаз атанды. Олар енді өңір намысын республикалық жарыста қорғайтын болады. Ал кейінгі жүлделі орындарға Теректі мен Оралдық жас жол қозғалыс инспекторлары лайық деп танылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.