Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолда мұқият болыңыз

c 15:49, 19/09/2019 c 1092

0:00 / 0:00

БҚО "Назар аударыңыз балалар" жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр.Осы шара барысында БҚО полицейлері мектептерді аралап баларға жол қауіпсіздігі талаптары жөнінде дәрістер оқып жүр.Ал, бүгін мектеп оқушылары жол апатына түскен көліктерді өз көздерімен көріп, жолдағы қауіпсіздіктің бірінші орында тұруы керектігін тағы бір мәрте тыңдап қайтты.
Жол апаты адамды жасына қарай бөлмейді.Жас та, жасамыс та зардап шегіп жатыр.Полицейлер келтірген статистикадан есін шығады.Биылғы жылдың өзінде балардың қатысымен 41 жол апаты болған.4 бала жол апатынан көз жұмған.Бұл өз кезегінде балалар арасында жол қауіпсіздігін күшейтуді еске салады.Осыны ескерген полиция қызметкерлері бір топ мектеп оқушысын Орал қаласындағы айып тұрағына алып келді.Бұл жерде жол апатына түскен машиналар мен жол ережесін өрескел бұзған машиналар қойылған.
Жол көлік оқиғаларынан балаларды қалай сақтаймыз.Жолдан өткен бала көліктің келіп қалғаның байқамай қалатын кездер жиі болады.Әсіресе құлақ қап киіп музыка тыңдап жүретін жасөспірімдер қауіпсіздікті естен шығармаса екен дейді мамандар.
Бұл шараның мақсаты балаларды жол ережесін бұзбауға шақыру және жолдағы қауіпсіздікті ескеруді ескертті.
Жол ережесін сақтау әр адамның міндеті.Жаяу жүргінші жолағында да мұқият болған жөн дейді мамандар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.