Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолда қалғандар құтқарылды

c 15:54, 08/02/2019 c 518

Батыс Қазақстан облысында боранда жолда қалған ресейлік азаматтар құтқарылды. БҚО ТЖ департаментінің мамандары таратқан ақпаратына сүйенсек, оқиға 7 ақпан күні сағат 15.14-те Қаратөбе ауданы аумағында болды. Саралжын-Қаратөбе жолында, аудан орталығы Қаратөбеден 20 шақырым жерде 4 қызметкер, 1 техниканың күшімен үш бірдей «ГАЗель» жүк көлігі қар құрсауынан тазартылған жерге шығарылды. Көліктерде 7 адам болған, олардың төртеуі Ресей азаматтары көрінеді.
Еске сала кетейік, кеше Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабылған болатын. Осы орайда ауа райын болжаушылар алдағы демалыс күндері аяз болып, кей жерлерде тұман болады деп болжайды.
:Биыл жыл басынан бері 198 техника қар құрсауынан босатылып, 223 адам құтқарылды. 168 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ тұрғындарға 68 СМС хабарлама жіберілсе, соның 10-ы ауа райының бұзылатыны жөнінде, 58-і жолдардың жабылғаны туралы ескерту жасалған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.