Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол жөндеу басты назарда

c 17:50, 05/04/2019 c 569

0:00 / 0:00

Биыл қала территориясында 40 шақырым жол жөнделетін болады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Алтай Көлгіновтың төрағалық етуімен өткен жиында қала әкімі Мұрат Мұқаев мәлімдеді.  Бұл бағытта Батыс Қазақстан облысында атқарылар іс ауқымды. Өйткені өңірде автокөлік жолдары 6 жарым мың шақырым болса, соның үштен біріне ғана асфальт төселген. Әсіресе шалғайдағы Бөкей Ордасы, Жәнібек аудандарына барар жолдың жайы мүшкіл. Жауын-шашын кезінде жолаушылар тәуліктеп жүруге мәжбүр. Енді бұл қиындықтар артта қалмақ. 3 аудан орталығына жол жоқ болды. Сол тапсырманы орындау үшін қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттар дайын. Қазталов-Жәнібек – 165 шақырым. 2019 жылы қаражат бөлініп, осы маусым айында бұл жұмыстар басталатын болады.Бұдан бөлек биыл Орынбор шекарасына дейінгі 144 шақырым жол жөнделеді. Облыс бойынша 464 шақырым жолды жөндеуге 27 миллиард теңге қаралған. Облыс әкімі атап өткендей, биыл Сырым шекара бекітіне қосымша 8 жолақ пайда болмақ. Бұл өте тиімді.  Сәуір-мамыр айларында жұмыс басталатын болады. Сонымен қатар Орынбор қаласы бағытында автожолын қайта құру мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күнге «Подстепный-Федоровка-РФ шекарасы 144 км автожолын қайта жаңғырту» жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау жұмыстары басталған. Оны іске асырудың болжамды кезеңі 2019-2021 жылдарды қамтиды. Ал шаһардағы  Жамбыл көшесі бойының жолдарына орташа, Элизарова көшесі мен Аманжолвтан Пугачева көшесіне дейін  күрделі жөндеу жүргізілмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.