Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол жөндеу

c 15:29, 05/05/2020 c 624

0:00 / 0:00

Орал қаласында тас жолдардың ағымдағы жөндеуі басталды. Бұл мақсатқа қазынадан 300 млн теңгедей қаражат бөлініпті. Сала мамандары ағымдағы жол жөндеу жұмыстары Назарбаев пен Евразия даңғылдарында аяқталғанын айтады. Аталмыш жұмыстар шаһардың барлық орталық және магистралды көшелері жолдарында орындалмақ.

Қалалық жолдардың шұрық-тесігін жамауға арналған ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Биыл осы мақсатта бюджеттен 300 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Сала мамандары тендерді ұтып алған компания Назарбаев, Еуразия даңғылы мен Алматы көшесінің жөндеуі аяқталды,- дейді. Қазіргі таңда Сырым Датов көшесінде жұмыс атқарылып, кейін Әбілқайыр даңғылы мен Шолохов көшелерінің тас жолдары жасалмақ.

Биыл ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруда жаңа көлік пайданаланып жатыр. Бұл уақыт пен адам күшін үнемдеуге сеп болады. Мамандар темір тұлпар үш бірдей жұмысты бірден атқарып жатқанын айтады.

Қалалық жолдардың ағымдағы жөндеу жұмыстары маусымның ортасында аяқталмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.