Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол сапасы-жіті бақылауда

c 17:44, 01/11/2019 c 843

0:00 / 0:00

Орал қалалық мәслихат депуттаттары мен «Ақжайық адалдық алаңы» мониторингтік тобының мүшелері жаздай салынған жолдардың сапасын тексерісуге кірісті. Басты мақсат қазынадан қыруар қаржы бөлінген нысанның сапасын тексеріп, анықталған олқылықтарды түзету. Жолдың сапасын білек сыбана тексеруге кіріскен топ ұзындығы 1 шақырым 800 метрді құрайтын Әлия Молдағұлова көшесіндегі тас жолды қарап шықты.

Бұл-Петровский мен Асан Тайманов көшелерімен қиылысатын Әлия Молдағұлова көшесі. Оның ұзындығы 1,8 шақырымды құрайды. Биыл аталмыш көшенің тас жолы жөнделген болатын. Бұл үшін қазынадан 700 млн теңгедей қаражат бөлінді.

Қалалық мәслихаттың депуттары мен «Ақжайық адалдық алаңы» мониторингтік тобының мүшелері биыл жөндеу көрген жолдардың сапасын тексере бастады. Сала мамандары жолдың тегістігінің, оның қалыңдығын тексеріп, стандарттарға сәйкестігін қарап шықты.

Сала мамандары биыл салынған тас жолда еліміздің жол салу стандарттарына сәйкес келмейтін олқылықтар табылғанын айтады.

Бір көшенің жолын қыруар қаржыға жөндеген мердігер компания өкілдері жөндеу жұмыстары барысында барлық талаптар сақталып, қымбат әрі сапалы технология сақталды,-дейді. Мердігер компания үш жылдың ішінде көше жолының кем-кетігін өз есебінен түзетуі шарт. Жол салған компания Әлия Молдағұлова көшесінің тас жолы сапасы жағынан 10 жыл бойы қызмет жасауы керек деп отыр.

Биыл құрылыс жұмыстары аяқталуы тиіс тас жол қабылданбапты. Келесі жылы жол салған мердігер компания олқылықтарды өз есебінен түземек. Ал, мониторингтік топ пен қалалық депуттаттар жаңадан салынған жолдың сапасын тексеруді келешекте де жалғастыра бермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.