Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол сапасы талапқа сай емес

c 16:51, 16/02/2021 c 460

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызға ие автожолдардың жағдайы көңіл көншітпейді. Жолдарды қысқы күтіп ұстау жұмыстары ​талапқа сай жүргізілмейді. Көктайғақ жолда жандарын шүберекке түйіп жүрген жүргізушілер бұл іске жауапты мекемелер жұмысы ширай түссе дейді. Бұл туралы өңірдегі жолдар сапасына кезекті мәрте бақылау жасаған «Сапалы жол - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері мәлімдеді.Бұл «Самара-Шымкент» автожолындағы жағдай. Шекарадағы «Сырым» бекетінен күніне мынңан аса жүк көлігі өтеді. Көптің көңілін күпті еткен көкейкесті мәселенің бірі күре жолдағы сірескен көктайғақ. Жүргізушілер жанайқайының себебін мамандардан білуге тырыстық. ​ ​Аймақтағы жолдардың жай-күйі қоғамдық ұйымдардың да назарында. Мәселен, «Сапалы жол – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері жыл басынан бері өңір жолдарының жағдайын білу мақсатында бірнеше мәрте тексеру өткізіпті. Анықталған кемшіліктер аз емес. Өткен жылы облыс жолдарында 50 кемшілік анықталып олқылықтың орны толтырылса үстіміздегі жылы алты мәрте мониторинг шаралары жүргізілген.Жыл басынан бері облыс жолдарында 25 жол-көлік оқиға тіркеліп, 7 адам көз жұмған. 59 адам түрлі дәрежеде дене жарақатын алды. Апатты оқиғалардың көбі көктайғақ салдарынан болатыны жасырын емес, - дейді мамандар. ​ ​ ​

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.