Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол құрылысы жалғасып жатыр

c 18:37, 11/10/2018 c 916

0:00 / 0:00

Алыс аудандарға қатынайтын жолдардың жыры қашан бітеді. Әсіресе Орда, Жәнібек секілді алыс аудандардың халқы қашанғы жол азабын тартады. Осы мәселемен БҚО әкімі Алтай Көлгіновтің қабылдауына аудан тұрғындары жиі келеді. Мәселені шешуді облыс әкімі бастап та кеткен. Қазір Чапай- Жалпақтал- Казталовты жалғайтын күре жолдың бойында күрделі жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстардың биылға жоспарланған бөлігі қазір аяқтала келген. Алтай Көлгінов жолдардың сапасын қадағалаушылармен кездесіп, жол бойындағы жұмыстардың барысымен танысып қайтты.

Бұл Чапай - Жалпақтал - Казталовты жалғайтын күре жол. Жалпы ұзындығы 192 шақырым жол жөнделеді деп жоспарланған. Қазіргі уақытта мердігер компания өз міндеттерін жасап жатыр.

Егор Тэн, жоба жетекшісі
Жалпы ұзындығы 150 шақырым жол жөнделу керек. Қазір 5 шақырым, 200 метрдей жерге асфальт төсеу жұмыстарын аяқтадық. Жоғарғы қабатын жабу жұмыстарын 15 қазанға дейін тамамдаймыз

Бұл жолдарда жүргізіліп жатқан жөндеудің маңызы зор. Себебі осы жолдар шалғай жатқан Жәнібек, Орда секілді аудандарға қатынасты жеңілдетеді,- деді олыс әкімі Алтай Көлгінов. Олай деп отырған себебі осындай ұзақ мерзімді жол жөндеу жұмыстары арқылы жолды Ордаға дейін тарту көзделген.

Жалпы Казталов ауданы бойынша жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, осы ауданға қарасты Жаңажол ауылында ауыл ішілік жолдарға асфальт төсеу жұмыстары аяқталып қалған. Жаңажол ауылында ауыл ішілік 7 шақырымдай жолға жөндеу жүргізілген.

Казталов ауданында жұмыс сапарымен болған олыс әкімі бұдан әрі Киров-Шежін су қоймасының жұмысымен танысты. Бұл су қоймасы іске қосылса төрт бірдей елді мекеннің халқына мал суаруға, егіс суаруға мол мүмкіндік жасалмақ.

Ауылдық жердегі халық үшін малдың азығы жем шөбі мен суы бірінші орында екенін ескерсек Киров-Шежін каналының қаншалықты маңызды нысан екенін түсінуге болады. Осы канал арқылы қара өзенмен жайықты қосу көзделіп отыр, осылайша ресейден  келетін суға тәуелділікті азайту жоспарланған.

Бұдан бөлек облыс әкімі Казталов ауданы Жалпақтал ауылында салынып жатрған екі қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. 12 пәтерден тұратын үйді желтоқсан айында тапсыру көзделіп отыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.