Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол қауіпсіздігін ескеріңіз

c 18:52, 13/09/2018 c 750

0:00 / 0:00

Кез - келген мектеп оқушысы үшін полиция қызметкерлерінің жұмысы қызық болып көрінері сөзсіз. Әсіресе сымдай керілген киіммен сап түзеп жүретін полиция қызметкеріне балалардың қызығып қарайтыны бар.Осыны ескерген полиция өкілдері балалармен кездесіп, еркін сұхбат құруды жөн көрген. Орал қалалық жол-патрульдік полиция қызметкерлері №7 мектепте болып бастауыш сынып оқушыларына патрульдік көлікті таныстырды. Шара барысында балалар полиция қызметкерлерімен тікелей қарым-қатынас жасап,патруль автокөлігіне отырып,ондағы құрылғылардың жұмысымен  танысты.

Аталған акция біздің облысымызда бірінші рет өткізілуде. Алдағы уақытта осындай акциялар Орал қаласының, сонымен қатар аудандық, селолық мектептерде өткізілетін болады. Шара барысында полиция қызметкерлері жолдағы қауіпсіздік ережесінің сақталуы туралы айтып берді.

Шара соңында балаларға Алтын әріпті ережелер атты жолда жүру қағидалары жазылған бланкалар таратылды.Осылайша әр балаға жолдағы қауіпсіздік сабақтары үйретіле бермек.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.