Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол қауіпсіздігі

c 16:13, 21/08/2020 c 848

0:00 / 0:00

Орал қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазынадан 463 млн теңге қаражат қарастырылған. Бұл қаржы үш жылға арналған. Қыруар ақшаға мердігер компания бағдаршам, жасанды жол кедергісі мен жаяу жүргіншілер жолағын жарықтандыруы керек. Бұған қоса облыс орталығында жол көлік апаттарын азайту және болдырмау үшін қала көшелеріне жарық бағаналарын орнату қолға алынған. Мамандар 15 мың жарық диотты шамдарды орнатуы қажет.

Биыл қала көшелерінде жол көлік оқиғасы жиі тіркеліп, апаттан қайтыс болған адам саны артқан. Сол себепті шаһар көшелерінің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы жол картасы қабылданған болатын. Оның аясында қала көшелерінде бағдаршам, жасанды жол кедергісі мен жаяу жүргіншілер жолағын жарықтандыру ісі қолға алынған.

Жол қауіпсіздігін жақсарту үшін қазынадан 463 млн теңгедей қаражат бөлінген. Мамандар бұл қыруар қаржы 3 жылға арналғанын айтады. Компания үш жылдың ішінде бағдаршам орнатып, оны күтіп ұстап, жасанды кедергіні қойып, жаяу жүргіншілер жолағын сызуы қажет.

Биыл қала көшелеріне 15 мың жарық диотты шам орнатылады. Ескі шам бұрын жарық болмаған көшелерде бой түзейді. Шаһарды жарықтандыруы үшін мемлекеттен 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл ауқымды қаржы да 3 жылға арналған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.