Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол дауы

c 09:28, 03/06/2021 c 635

0:00 / 0:00

Ақылы жолдардың тарифі өзгермейді. Жолдардың ақысын төмендету туралы жүк көлігі иелерінің талабына Индустрия министрі Бейбіт Атамқұлов осылай деп жауап берді. Министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте   жол сапасына,  оның күтіміне жұмсалатын шығындарды  ақылы жолдар есебінен өтеп,  республикалық бюджет шығындарын төмендету мақсаты тұр деді.

Неше күннен бері еліміздің түкпір-түкпірінде жүк көлік иелері жаңа учаскелердің ақылы болғанына наразылық білдіріп, бас көтеріп, инудстрия министрлігінен ақылы жолдардың тарифін төмендетуді талап еткенді. Жүргізушілердің айтуынша, бір шақырымға 37 теңге төлеу қалтаны қағады. Болмаса ақылы жолдан бөлек, жүк көлігіне арналған жол салып берсін деп отыр олар. Өз кезегінде «ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілердің бұл талабы талқыланады, бір шешімге келеміз деген уәдесін үйіп-төккен болатын. Алайда, бүгінгі брифингте министр Атамқұлов нақты жауабын айтты. Министрдің айтуынша, жол төлемі Үкіметпен  2013 жылы Астана-Щучинск жолын ақылы еткен кезде бекітілді. Сол баға жаңа учаскелерде де қолданылып келеді. Ал көрші елдерде ақылы жол тарифі әлдеқайда   жоғары дейді ол. Ресейде жүк көліктері бір шақырым үшін 22 теңге төлейді. Германия мен Италияда шақырымға 70 теңге төлем жасайды Ал Белоруссуияда ол 80 теңгені құрайды,- дейді министр. Сондықтан Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі өзгермейді.

Бейбіт Атамқұлов – ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі «Тариф өзгермейді. 2013 жылы бекітілген тариф неше инфляция болса да өзгермеді. Бұл өте ыңғайлы. Ақылы жолдармен жүріп жатқандар тарапынан бірді-бір шағым түскен емес. Ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының түскен шағымға айтарым. Ол өңірде жол 20 жыл бұрын салынған. Онда ақылы жолдар жоқ».

Бүгінде  біздің елде ақылы жолдардың 1 км  үшін  жеңіл автокөлік  1 теңге төлейді. Автобустар 5-15 теңге аралығында,ал жүк көлік иелері бір шақырым үшін 5-25 теңге аралығында төлем жасайды. Министрлік  2025 жылға дейін елде 11 мың км жол ақылы болады деп отыр. Биыл маусым айынна бастап 5 мың 800 шақырымға төлем енгізу көзделген еді. Ол жоспар жүзеге аспай қалды. Бұған жүргізушілердің наразылығы себеп болуы мүмкін бе?

Қазақстанның ақылы жолдарында  Еуропадағыдай сервис жоқ. Бұған біздің елдегі жол алшақтығы себеп дейді Атамқұлов. Еуропада елді мекендер тығыз орналасқан.  Жолдардың кірісі өте жоғары. Көлік ағыны өте тығыз. Ал Қазақстанда 500 шақырымдық жолдың бойында бірнеше шағын елді мекен ғана орналасқан. Жолдарды күтіп ұстау өте қиын. Қытымыр қыста техника дер кезінде барып, жолды тазалап үлгермей жатады.  Халқы мен көлік саны тығыз елдерде жолдың шығыны тез ақталады деп ағынан жарылды министр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.