Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жобалар бастауы

c 17:22, 11/11/2019 c 597

0:00 / 0:00

Жұмыс орындарын ашуда цифрлық технологияны пайдалану сұранысқа ие.  Осы орайда «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркі Оралда өңірлік стартаптарды дамыту бағдарламасын таныстырды. Бұл дегеніңіз кәсібін енді ғана бастаймын деуші жастарға үлкен қолдау.«Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркі ел экономикасын дамытуда қажетті жобаларды қолдауға дайын.  Осы орайда «Astana Hub» сарапшылар командасы технопарк қызметімен таныстыру, сондай-ақ ел арасында технологиялық кәсіпкерлік мәдениетін ілгерілету үшін Қазақстан өңірлеріне Startup Sapary бағдарламасын таныстыруды қолға алды. Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі стартап-жобаларды дайындаумен және дамытумен айналысады. Технопаркте IT-стартаптарды дамытудың тегін бағдарламалары: стартап мектебі, инкубация және акселерация бағдарламалары жұмыс істейді.Шара барысында Astana Hub сарапшысы Айвар Құрманов IT саласындағы идеялары бар барлық жас кәсіпкерлер үшін «Стартап мектебі» тегін қарқынды курсын таныстырды. Семинарға стартап-жобаларды дамыту бойынша білім алғысы келетін және өз идеяларын барынша қысқа мерзімде іске асырғысы келетін бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлер қатысты.Барлық сапарлардың қорытындысы бойынша, Astana Hub командасы инновациялық экожүйенің ағымдағы жай-күйіне, өңірдің инфрақұрылымы мен салаларын цифрландыруға IT-қоғамдастықтың дайындық деңгейіне бағалау жүргізуді жоспарлап отыр. Осыған орай, әрбір өңірді дамыту бойынша жеке ынтымақтастық жоспары әзірленеді, оған Astana Hub оқыту бағдарламалары мен әдіснамалар және тәжірибемен бөлісу кіреді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.