Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жерді сату 5 жылға тоқтатылды

c 09:29, 03/06/2021 c 488

0:00 / 0:00

Парламент Мәжілісі жерді қазақстандықтарға сатуға 5 жылға мораторий жарияланған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жер  қатынастарын дамыту мәселелері бойынша  құжатта қазақстандықтарға және қазақстандық заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға дейін жалға беру қарастырылған. Сонымен қатар жалға алу мерзімі аяқталған кезде оны жаңа мерзімге ұзарту құқығы беріледі. Сондай—ақ, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беруге мораторий мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.Енді мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдау үшін, жер қатынастарын реттеу тетіктерін қарап, талқылайды. Өздеріңізге мәлім, бұған дейін Президенттің бастамасымен  жерді шетелдіктерге сатуға, жалға беруге тиым салатын заң қабылданған болатын.

2016 жылы үлкен дау тудырған жер мәселесіне нүкте қойылмай отыр. Жер реформасы жөніндегі комиссияның қортындысы бойынша парламентке енгізілген жер қатынастары туралы заң жобасында ауыл шаруашылық жерлерін қазақстандықтардың меншігіне беруге  5 жылға мораторий жарияланып отыр. 49 жылға жалға беру нормасы қалды.

Депутаттар жерді қазақстандықтарға жекеменшікке беруді кейінге шегеру мәселені шешпейді деп отыр. Жер елдікі болуы тиіс дейді олар.

Жер телімдерін бақылау жүйесі өзгермек. Әкімдерден жерді пайдалану функциялары тартып алынады.

Сондай-ақ, мемлекеттен сатып алмай, жер пайдаланушылар арасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жалдау құқығын иеліктен шығару қарастырылған. Жер үлестері есебінен құралған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін кепілге салу кезінде үлес иелерінің келісімі болғанда рұқсат беру,ауыл шаруашылығы жерлерін бағбандық және саяжай құрылысына өзгертуге тыйым салу, малын жая алмай отырған халықтың мұқтажын қамту үшін жайылым алқабының шекарасын айқындау  көзделген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.