Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жер заңы

c 09:56, 15/04/2021 c 498

0:00 / 0:00

Парламент Мәжілісі жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады. Бүгін өткен жалпы отырыста жер туралы заң жобасына қатысты осындай саяси шешім шығарылды. Айта кетейік,  "Жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң шығару бастамасымен дайындалған болатын. Депутаттар Президенттің тапсырмасын дер кезінде орындадық деп мәз. Ал жер комиссиясы ауыл шауаршылық жерлерді жекенің қолына бермейміз деп даурығуда.

Мәжіліс жер мәселесіне қатысты перзиденттің саяси бастамасын  тап-тұйнақтай қылып, шешіп қойдық деп мәз. Төменгі палата жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады. Алайда, мұнымен жер қатынастарына қатысты даулы мәселелер толық шешілген жоқ. Өздеріңізге мәлім, жерді қазақстандықтардың меншігіне бермеу туралы пікірлер талқылануда. Еліміздің ауыл шаруашылық жерлерінің 1,5 миллион гектары алқабы жекенің қолында. Алайда, қоғамда латифундистердің қолындағы жерлер игерусіз жатыр, олар жалға беріп таза пайда табуда деген пікір айтылуда. Жер туралы заң жобасын майшаммен қараған депутаттардың пікірін білген едік. Мәжілісмендер «жер комиссиясы не айтар екен» деумен шектелуде.

Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан миллиондаған алқапты иемденіп алған латифундистер жерді жекеге сатпау туралы пікірге үзілді-кесілді қарсы болып жатқанын айтады. Бүгінде осыған қатысты ақпараттық емес, аппараттық дау туып жатыр дейді ол.

2016 жылы халықтың жаппай наразылығынан кейін ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру мәселесіне қатысты ережелерге мораторий енгізілгенді. Заңның атышулы баптарына қатысты енгізілген мораторий ағымдағы  жылдың желтоқсанында аяқталады. Ал бүгінде  92 мың гектар жер шетелдіктерге жалға берілген. Ауыл шаруашылығы министрлігі  шетелдіктер жалдап отырған жерлер 2025 жылы мемлекетке қайтарылады деп сендіреді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.