Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕР КІМДІКІ?

c 19:46, 28/12/2022 c 181

0:00 / 0:00

Жер кімдікі? Бүгін өткен Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутаттарды мазалаған басты сұрақ осы болды. Мәжілісмендер қай өңірге бармасаң да, жердің бәрін әкімдер басып алған деп ашуланды. Ауыл шаруашылық министрін жер иелеріне қатысты нақты мәлімет бермей отыр деп сынаса, министр Қарашөкеев депутаттардың бұл пікірін қабылдамаймын деп ашуланды. Мәжілісте «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланып, мақұлданған еді. Заң жобасының мақсаты - жер қатынастары саласында азаматтарға қызмет көрсету кезінде және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормаларын салалық заңнамаға сәйкес келтіру кезінде жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының жауапкершілігін күшейту.

Ауыл халқы мал өсіріп жан бағады. Алайда, соңғы отыз жылда жайылым, құнарлы жерлер ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен.Ауылда отырып, малын жаятын жеп таппаған халықтың мұңын кім есереді? Президенттің арнайы тапсырмасы да бар. Заңсыз иеленген немесе игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жүріп жатыр. Ауыл шаруашылық министрінің айтуынша, 5 млн гектар жер мыңдаған компанияның қолында. Алайда, министр Ербол Қарашөкеев жерді иемденіп алған латифундистердің атын атап, түсін түстемеді. Биыл 5,2 миллион гектар жерді қайтардық деген ақпаратпен шектелді. Бірақ депутаттар министрдің бұл жауабына сенбейді. Қай облысқа бармасаң да, жердің бәрін әкімдер басып алған деп ашуланды мәжілісмен Дүйсенбинов. Ол министрден мыңдаған гектар жері бар әкім-қаралардың аты-жөнін халыққа жария етуді талап етті.

Ауыл шаруашылығы министрі болса депутаттың сынын орынсыз деп атады. Ол жаңа жылдан бастап қазақстандықтар Интерактивті картадан мемлекетке қайтарылған 2 миллион гектар жерді көре алатынын айтты.

Әріптесі мен министрдің арасындағы теке-тіреске депутат Перуашев араласты.

Не керек, депутаттардың сынына бой бермеген министр де, оған шүйліккен мәжілісмендер өз пікірінде қала берді. Ал «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданып кетті. Заң жобасымен жерді пайдалану мен оны қорғау, жер қатынастарын реттейтін органдардың жауапкершілігін күшейту қолға алынбақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.